«АрселорМиттал Теміртауды» олигарх Лаврентьев сатып алды


08/12/2023
13:02 11374 0

Фото: Ашық дереккөзден

 

Өнеркәсіп және құрылыс министрі Қанат Шарлапаев «АрселорМиттал Темуртау» компаниясының жаңа инвесторы кім екенін айтты. Оның сөзінше, кәсіпорынның жаңа иесі «Аллюр» компаниялар тобының басшысы, бизнесмен Андрей Лаврентьев. 

 

Компанияның атауы «АрселорМитталдан» «QARMET» болып өзгереді.

 

Индустрия және құрылыс министрі Қанат Шарлапаев Лакшми Митталдың өз активін 3,5 миллиард долларға бағалағанын, алайда үкімет пен халықаралық кеңесшілер бұл бағамен келіспегенін айтты.

 

– Нәтижесінде екі активтің – «АрселорМиттал Теміртау» мен Ақтау құбыр зауытының құны 286 миллион долларды құрады, – деді министр. 

 

Қол қойылған келісім аясында «АрселорМиттал» Қазақстанға ешқандай шағым жасай алмайды.

 

Андрей Лаврентьев 1979 жылы 29 маусымда Алматы қаласында дүниеге келген. Forbes тұжырымы бойынша, ол Қазақстанның ең ықпалды 50 кәсіпкерінің ішінде 26-шы орында. 

 

«Аллюр» компаниялар тобына «Агромашхолдинг ЖШС» және «Сарыарқа Авто Пром» кіреді. Ол «Chevrolet»«KIA»«JAC» және «LADA» автобрендтерінің Қазақстандағы ресми өндірушісі және дистрибьютері

 

Астана мен Алматыда өзінің сегіз дилерлік орталығы бар. «Агромашхолдинг KZ» АҚ-ның 65% иелік етеді. Арманжан Байтасовпен бірге «Бизнес-FM» радиостанциясының тең құрылтайшысы.

Поделиться

Нет комментариев.

08/12/2023 13:02
11374 0

Уведомление